ЛАЗЫМ, ЛӘЗІМ

lat: LAZYM, LÁZİM

(ар. лазим لازم)   

1. Керекті, қажетті зат, сайман.

2. Қажет, керек.

Білген соң мұны жазбақ маған лазым, Болармын тағдыр жетсе мен де жазым («Таһир-Зүһра». Ғашықнаме, 1976).

Оны егер тауысу керек болса, Нұх пайғамбар ғұмырындай ғұмыр лазым («Қисса Қасым Жомарт». Бабалар сөзі. 4-том. 2004. 100 томдық).

Мақтанба киім менен атыңызға, Не ләзім соны ойлаңыз затыңызға («Ақмолла Мұхамедиярұлы». Бес ғасыр жырлайды. ІІ том. 1984).

3. Ауысп. Жөн, дұрыс.

Ғұмырымыздың баршасын сарып қылып, Лазым болар біздерге сонда барсақ («Шаһмаран». Бабалар сөзі. 2-том. 2004. 100 томдық).

Айтқан сөзден тануға ләзім болмас, Белімді мен де сіздей бекем буғам («Нұғыман Нағиманның қиссасы». Бабалар сөзі. 20-том. 2005. 100 томдық).

Ләзім ата-анаңды ұмытпағын, Тоқтатып көңіліңді суытпағын («Қисса Ләйлі Мәжнүн». Бабалар сөзі. 19-том. 2005. 100 томдық).